Қоғамдық тамақтану объектілері реестрінің Пилоттық жобасы

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

Аттестация руководящего звена медицинских организаций
11.09.2019 г.

Медициналық ұйымдардың басшы буынын аттестаттау

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (Министрлік) жыл сайын өңірлік денсаулық сақтау басқармалары мен Министрлікке ведомстволық бағынысты республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттаудан өткізеді.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармалары оларға ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттаудан өткізеді.

Аттестатталатын адамдар әрбір келесі үш жыл өткен сайын, бірақ тиісті лауазымға орналасқан күннен бастап бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.

Жүргізілген талдау кейбір өңірлерде 2017 жылдан бастап аттестаттау мүлдем өткізілмегенін көрсетті.

Осыған байланысты ҚР Президентінің Әкімшілігі Министрлікке осы мәселе бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ өңірлердің әкімдеріне оларға ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды өткізу мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады: тестілеу және әңгімелесу.

Қазіргі уақытта, жоғарыда көрсетілген тапсырманы орындау шеңберінде Министрлік тестілік тапсырмаларға қойылатын талаптарды қайта қарауда, оның қорытындысы бойынша тест тапсырмалары жаңартылады және жандандырылады. Өзін-өзі дайындау мүмкіндігі үшін тест тапсырмаларының өзектілендірілген тізбесі «Тәуелсіз емтихан ұлттық орталығы» РҚБ-ның (ТЕҰО) ресми сайтында орналастырылады, онда аттестаттауға жататын тұлғалар байқау тестілеуінен өте алады.

Сондай-ақ, Министрлік 2019 жылы аттестаттауға жататын әкімдіктерге (өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын аттестаттаудың I кезеңін – тестілеуді ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Осы аттестаттау рәсімі ағымдағы жылдың қазан айында ТЕҰО өңірлік филиалдарының базасында өткізіледі.

Қазіргі уақытта өңірлік денсаулық сақтау басқармалары аттестаттауға жататын (облыстық, қалалық, аудандық медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері мен олардың орынбасарлары, бір жыл бұрын тағайындалған, сондай-ақ соңғы үш жылда аттестаттаудан өтпеген) адамдардың тізімін құруда.

Аттестаттау комиссиясының нәтижелері бойынша аттестатталушы адамның атқаратын лауазымына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі, сондай-ақ аттестаттаудан қайта өтуі туралы шешім қабылданады.

Анықтама: аттестаттау жүргізу тәртібі 6 қарашадағы 2009 жылғы № 660 ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу қағидаларымен регламенттелген.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы