Қоғамдық тамақтану объектілері реестрінің Пилоттық жобасы

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

26.04.2019 г.

Леңгір қаласының аумағында медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызметпен айналысатын кәсіпорынды жоспардан тыс тексеруді тіркеу рәсімі басталды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті БАҚ-та жарияланған фактілер бойынша медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызметпен айналысатын кәсіпорынды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеруді тіркеу рәсімін бастады.

Кәсіпорын медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызметін Түркістан облысы Төлеби ауданы Леңгір қаласының өнеркәсіптік аймағы аумағында жүзеге асырады. 2007 жылдан бастап пайдаланылуда. Оң санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар. Объекті қуаты сағатына 120 кг дейін «Инсенератор ИН-50.2» арнайы қондырғысымен жабдықталған.

Объектінің эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілердің тізбесіне кіруіне байланысты кәсіпорынға қатысты ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізілмейді. Соңғы 3 жылда қоғамдық денсаулық сақтау органдарына кәсіпорын қызметіне шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.

Жағдай Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бақылауында. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады.

Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі кәсіпорындар қызметіндегі бұзушылықтардың жиілігін ескере отырып, Комитет ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жоспарлы бақылауға жататын объектілер тізбесіне енгізу туралы ұсыныстар жіберуді жоспарлап отыр.

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы