Қоғамдық тамақтану объектілері реестрінің Пилоттық жобасы

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

Комитетом с производителя Кыргызстанской Республики ОсОО «РИХА» сняты временные ограничения на ввоз и реализацию колбасных изделий
13.08.2019 г.

Комитет Қырғыз Республикасының өндірушісінен "РИХА" ЖШҚ шұжық өнімдерін әкелуге және сатуға уақытша шектеулерді алып тастады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Риха» ЖШҚ (Лебединовка ауылы, Береговая көш. 1А) Қырғыз Республикасының өндірушісіне қатысты шұжық өнімдерін әкелуге және сатуға уақытша шектеулерді алып тастады.

Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы хабарламасы және шұжық өнімдері нөндіру бойынша «Риха» ЖШҚ-ға қатысты бақылауды күшейту шектеуді алып тастады негіз табылады.

Жоғарыда көрсетілген өндірушіге қатысты 3 ай бойы шұжық өнімдерінің 15 атауына күшейтілген зертханалық бақылау жүргізілді.

Өнімнің жүргізілген бақылаудағы зертханалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша, Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011), «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (ТР 034/2013) және «Тамақ өнімдері оның таңбалануы бөлігінде» (КО ТР 022/2011) техникалық регламенттері талаптарының сәйкессіздігі анықталған жоқ.

Сондай-ақ, Кәсіпорын өндіру, өткізу, сәйкестікті растау (бағалау), тасымалдау және сақтау рәсімдерінен өту кезінде өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындады.

Одан әрі, «Риха» ЖШҚ өнімін мемлекеттік бақылау өткізу сатысында өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде жалғасатын болады.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы