Қоғамдық тамақтану объектілері реестрінің Пилоттық жобасы

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

30.04.2019 г.

ҚДСК зертханаларының мамандары үшін сүт өнімдерінің сәйкестігін зертханалық бақылау бойынша республикалық семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті 2019 жылғы 25-26 сәуірі аралығында Комитеттің Ұлттық сараптама орталығының (ҰСО) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының базасында «Сүт өнімінің «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 033/2013 Кеден одағы техникалық регламентінің (бұдан әрі – КО ТР 033/2013) талаптарына сәйкестігін зертханалық бақылау» тақырыбында республикалық семинар өткізді.

Семинарда Комитет пен ҰСО филиалдарының мамандары материалдар ұсынды және материалдармен танысу нәтижелері бойынша мынадай мәселелер талқыланды:

  • 2019 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша Кәсіпорынның барлық филиалдары бойынша 033/2013 КО ТР-де регламенттелген көрсеткіштердің орындалуы бойынша талдау;
  • 033/2013 КО ТР бойынша сүт және сүт өнімдерінің бұрмалану көрсеткіштерін анықтау бойынша зертханалық бақылау;
  • Май-қышқыл құрамын, ақуыздар, майлар, меламин, гормондық препараттар, синтетикалық бояғыштарды анықтау және сүт өнімдерін микробиологиялық зерттеу.

Бұдан басқа ҰСО филиалдарының мамандарын сүт өнімінің май-қышқыл құрамын, антибиотиктер мен гормонды препараттардың қалдық мөлшерін зертханалық зерттеу жүргізу бойынша оқытатын практикалық сабақтар өткізілді.

Семинарға республиканың барлық өңірлеріндегі Кәсіпорын филиалдарының санитариялық - гигиеналық, бактериологиялық зертханалары мен жоғары технологиялық зерттеулер зертханаларының меңгерушілері мен мамандары - 30 адам қатысты.

Семинар соңында сүт өнімдеріне зертханалық бақылау жүргізу, өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүргізу кезінде өнім сынамаларын жеткізу, нормативтік құжаттармен және шығыс материалдарымен қамтамасыз етудегі проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы