Қоғамдық тамақтану объектілері реестрінің Пилоттық жобасы

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

25.04.2019 г.

Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ФАО/ДДҰ/ДСҰ Халықаралық Форумына қатысты

Қазақстан Республикасының делегациясы ҚР ДСМ ҚДСК Төрағасының орынбасары Н.О. Садуақасовтың, техникалық регламенттердің сақталуын бақылау басқармасының бас сарапшысы Р. Айтжанованың, "Кодекс Алиментариус" Комиссиясының Еуропа бойынша ФАО/ДДҰ үйлестіру комитетінің координаторы Н.М. Қарсыбекованың, Кодекс Алиментариус тобының ветеринария және фитосанитария жөніндегі сарапшысы А. А. Раззареновтың құрамында, 2019 ж. 23-24 сәуірде, ДСҰ штаб-пәтері базасында, Женева қаласында өткен ФАО/ДДҰ/ДСҰ-ның тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және саудасы жөніндегі халықаралық форумының жұмысына қатысты.

Форумда саудамен байланысты азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздік аспектілері, тез технологиялық өзгерістер мен азық-түлік жүйелерін цифрлау нәтижесінде туындайтын мәселелер мен мүмкіндіктер талқыланды. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі тәуекелдерін басқаруда және неғұрлым икемді саудаға жәрдемдесетін жаңа технологияларға, құралдарға ерекше назар аударылды.

Пікірталас барысында табыс деңгейі төмен және орташа елдерді осындай құралдармен қамтамасыз ету және соның салдарынан осы құралдарды пайдаланудан бірқатар артықшылықтар алу мәселесі қаралды.

Азық-түлік өнімдерінің және сауданың қауіпсіздігі үшін сандық инновациялардың салдары, "азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі" және "сауда рәсімдерін жеңілдету" күн тәртібін үйлестірілген ілгерілетудің маңыздылығы, сондай-ақ азық-түлік жүйелерінің дамуына қарай азық-түлік қауіпсіздігі бойынша нормативтік-құқықтық базаны үйлестіруге ықпал етуде кодекстің азық-түлік өнімдеріне стандарттардың іргелі рөлі көрсетілді.

Женева форумы табыс деңгейі төмен елдердің жаһандық сауда жүйесіне болашақ қатысуына арналды. Сөз сөйлеушілер ұлттық және халықаралық деңгейде әріптестік қарым-қатынастардың құндылығын атап өтті.

Осылайша, осы форумның қорытындысы:

- экономикалық аймақтың деңгейіне қарамастан, әлемнің барлық аймақтары үшін оның түрлі аспектілерінде тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің жоғары өзектілігі;

- осы проблеманың жаппай болуына байланысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жаһандық және өңірлік ынтымақтастық үдерісіне белсенді енгізу қажеттілігі;

- артық сауда кедергілерін алып тастайтын, бірақ өңірлік жағдайларды ескеретін және тәуекелдерді ғылыми бағалау негізінде қалыптасқан тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жалпы тәсілдерді одан әрі әзірлеу қажеттілігі;

-заманауи сандық технологияларды олар ұсынатын мүмкіндіктер тұрғысынан да, сондай-ақ олар көздеген жаңа тәуекелдер тұрғысынан да көпжақты бағалау қажеттілігі;

- бірқатар елдерде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы озық іс-шаралардың болуы және елімізде енгізу мүмкіндігі үшін оларды егжей-тегжейлі зерделеу қажеттілігі.

 

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы