Қоғамдық тамақтану объектілері реестрінің Пилоттық жобасы

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

Результаты проверок и профилактического контроля с посещением объектов контроля и надзора за 10 месяцев 2019 года
13.11.2019 г.

2019 жылдың 10 айында бақылау және қадағалау объектілеріне бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау нәтижелері

Бақылау-қадағалау қызметі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында (ерекше тәртіп бойынша тексерулер), дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы мен  медициналық қызметтер көрсету сапасы саласында (объектіге бару арқылы профилактикалық бақылау) жүзеге асырылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында:

Бекітілген кестеге сәйкес ерекше тәртіп бойынша 42304 объекті тексерілуі тиіс болды, 28336 объекті тексерілді (67%).

23528 тексеру бойынша бұзушылықтар анықталды, 21762 әкімшілік жаза қолданылды, әкімшілік айыппұл сомасы 1 млр.621 млн. теңгені құрайды.

Жоспардан тыс 14103 тексеру жүргізілді, 3962 тексеру кезінде бұзушылықтар анықталды, 3534 әкімшілік жаза қолданылды, әкімшілік айыппұл сомасы 351 млн.теңгені құрайды.

Бекітілген өлшемшарттарға сәйкес тексеру нәтижесі бойынша 60 балдан төмен жинаған 3434 (12%) объекті тексерудің келесі кезеңінде тексеруден босатылды.

Сонымен қатар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің оң нәтижесі бар объектілер ерекше тәртіп бойынша тексеруден босатылады. 2019 жылдың 10 айында тәуелсіз аудиторлар 6529 оң есеп берді.

2019 жылдың 1 және 2-жартыжылдығына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің бекітілген тізіміне сәйкес республика бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласында 595 объекті енгізілген, оның ішінде 10 айда 289 объекті (76%) қамтылды.

488 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша 416 жағдайда бұзушылықтар анықталды, 38,6 млн.теңге сомасында 201 әкімшілік жаза қолданылды.

Рұқсат беру бақылауы шеңберінде 506 бару жүргізілді.

Медициналық қызмет көрсетудің сапасы саласында:

2019 жылдың 10 айында ҚР бойынша медициналық қызмет саласында Комитеттің аумақтық департаменттері субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылауға жататын 570 субъектінің 363-ін қамтыды, бұл 63%-ды құрады.

Профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша 323 субъектіде бұзушылықтар анықталды, нәтижесі бойынша 319 нұсқама берілді.

1935 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 1640 бұзушылық анықталды, оларға жалпы сомасы 9,8 млн. теңгеге 361 әкімшілік хаттама толтырылды.

2020 жылға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудың аралық қорытындысы 

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін сатып алынатын дәрілер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі 2020 жылға 1331 позицияны қамтиды. Бұл дәрі-дәрмектер еліміздің медициналық ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған пациенттерге – барлығы 452 атау, сондай-ақ стационарларға да арналған – 1298 атау.

Алдын ала медициналық ұйымдардан тізім бойынша 232,6 млрд.теңге сомасына өтінімдер келіп түсті: амбулаториялық дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 114,6 және стационарлық көмек көрсету үшін 118 млрд. теңге сомасына. Бұл артериялық гипертензия, қант диабеті, онкология, гемофилия, шашыраңқы склероз, жүрек жеткіліксіздігі, пневмония, бронх демікпесі және басқалары сияқты ауруларды емдеуге арналған ТМККК шеңберінде стационарлар мен амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған препараттар.

Қазіргі уақытта екі ірі тендер аясында – 308 атау және 253 атау бойынша рәсімдер жүргізілуде, отандық өндірушілермен шарттар жасалуда, шетелдік өндірушілермен келіссөздер жүргізілуде.

Ағымдағы жылғы қыркүйекте Бірыңғай дистрибьютор сатып алу рәсімдерінің басталғаны туралы жариялады. Осы аптада, 14 қарашада препараттардың 308 атауын сатып алуға екі кезеңдік тендер шеңберінде бағаны төмендетуге аукцион өткізіледі және сол күні қорытынды шығарылады.

Отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға ықпал ету үшін отандық өндірісті қолдау – Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу құралдарының арқасында іске асырылатын негізгі міндеттердің бірі. Отандық өндірушілерді қолдау саясаты өз жемісін беруде. 2020 жылы қазақстандық фармацевтикалық зауыттар 53,6 млрд.теңге сомасында 588 атауды жеткізетін болады. Бұл жүрек-қан тамыры аурулары, қант диабеті, онкология, АИТВ және басқа да аурулармен ауыратын пациенттерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған дәрі-дәрмектер.

Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттардың 178 атауы шетелдік өндіруші зауыттардан тікелей сатып алынатын болады. Бұл шашыраңқы склерозды, онкологиялық ауруларды, қант диабетін, АИТВ-ны, туберкулезді, гемофилияны емдеуге арналған препараттар, сондай-ақ вакциналар мен трансплантациялаудан кейінгі пациенттерге арналған препараттар. Медициналық ұйымдар осы препараттарға жалпы сомасы 67,3 млрд.теңгеге алдын ала өтінім берді.

ЮНИСЕФ, БҰҰДБ және Stop TB халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастық өте жақсы қарқындап келеді,  соның арқасында айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізуге және пациенттер дәрі-дәрмекпен барынша қамтамасыз етілуде. 2020 жылға халықаралық ұйымдар арқылы 5,1 млрд. теңге сомасына дәрілік заттардың 23 атауын сатып алу жоспарлануда. Бұл АИТВ, туберкулез, С вирустық гепатитімен ауыратын пациенттерді емдеуге арналған препараттар және вакциналара.

Сатып алынған препараттарды Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына жеткізу желтоқсан айының басында басталады және 2020 жылдың басынан бастап медициналық ұйымдарға жөнелтілетін болады. Осылайша, Бірыңғай дистрибьютор келесі жылы халықты дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ете алады.

Президенттің тапсырмасын іске асыру мақсатында Министрлік Бағаларды реттеу қағидаларын бекіткенін айта кету керек, онда дәрілердің бағасын басқа елдердегі бағалармен, сондай-ақ басқа өндірушілердің осындай дәрілерінің бағаларымен салыстыру қарастырылған. Қағидада бағалар өндірушінің бағасы, өнім берушілердің сапаны тексеруге, тасымалдауға кеткен шығындарына, баға мен маркетингке (жарнамаға) байланысты белгілі бір кіріс негізінде қалыптасады деп белгіленген. Бұл ретте үстеме баға бағаның өсуіне қарай азаяды.

Әзірленген қағида негізінде алғаш рет Қазақстанда тіркелген препараттардың 3000 сауда атауына шекті бағалар қалыптастырылды. Бұл ретте көптеген препараттардың бағасы негізсіз жоғары болғандықтан төмендетілді. Референттік (салыстырмалы) баға белгілеу есебінен отандық фармацевтикалық өнімнің бағасы да төмендеді.

Министрлік дәрілік заттардың нарықтық бағаларын талдау, оларды өңірлердегі бағалармен, сондай-ақ оларды реттеу жөніндегі тетікті жетілдіру үшін бекітілген шекті бағалармен салыстыру бойынша жұмыс жүргізуде, өндірушілер мен көтерме және бөлшек саудада сату субъектілерінің ұсыныстарына егжей-тегжейлі талдау жүргізілуде.

Фармацевтикалық қызметті және есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналысына байланысты қызметті лицензиялау құзыретін беруге байланысты 2017, 2018 және 2019 жылдар бөлінісінде, сондай-ақ 2019 жылғы маусым-қазан кезеңінде деректерге талдау жүргізілді.

Бөлшек саудада өткізудің ашық/жабық объектілерінің динамикасы 2017-2019 жылдары қызметін тоқтатқан дәріханалармен салыстырғанда ашық дәріханалар санының 3 еседен артық екенін көрсетеді (2017-2019 жылдары берілді - 2520, тоқтатылды - 732). Әр жыл бөлінісінде де осындай оң динамика.

Фармацевтикалық қызметтің берілген және тоқтатылған объектілері бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың деректер базасын талдау 2019 жылғы шілдеден бастап қазанға дейін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу объектілерінің (дәріханалар, дәріхана пункттері) өсу динамикасының 3-тен бірді құрайтынын көрсетті (436 объект - ашық, 135 объект-жабық).

Клиникалық тиімділігі дәлелденбеген 2017-2019 жылдары ТМККК шеңберінде сатып алынуға тиісті препараттарды тізімге енгізуге келетін болсақ, онда жалпы алғанда дәрілік заттарды Тізімге енгізу туралы шешімді құрамына бейінді жетекші сарапшылар кіретін Формулярлық комиссия қабылдайды. Отырыстары онлайн-режимде өтетін Формулярлық комиссияның қарауынан кейін Министрліктің Медициналық көрсетілетін қызмет сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының хаттамалық шешімі негізінде мәлімделген дәрілік заттар Тізімге енгізіледі немесе енгізілмейді, яғни рәсім жетекші сарапшылардың пікірлеріне және дәлелді медицинаға негізделген. Осылайша, аталған рәсімдер белгіленген тәртіппен толық көлемде сақталды.

Азаматтарды сапалы және тиімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді бақылау бойынша жұмыс мемлекеттік секторда да, жеке дәріханаларда да жалғасатын болады.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы