Қоғамдық тамақтану объектілері реестрінің Пилоттық жобасы

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Басшылық

 

Бюрабекова Людмила Витальевна, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 19-н бұйрығымен Людмила Витальевна Бюрабекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Бюрабекова Людмила Витальевна 1973 жыл 19 қыркүйекте Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын емдеу ісі мамандығы бойынша аяқтады.

2004 жылы Қазақ фармацевтика институтын фармация мамандығы бойынша аяқтады.

2014 жылы Халықаралық бизнес академиясын менеджмент мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды қаласы, Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы клиникалық ауруханада клиникалық фармаколог-дәрігер болып бастады.

2005 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды қаласы, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.

2007-2009 жылдары Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының стратегиялық даму және дәрілік саясат жөніндегі орынбасары.

2009-2010 жылдар аралығында Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің фармацевтикалық қызметті, дәрілік заттардың сапасы мен пайдаланылуын бақылау басқармасының бастығы.

2010 жылдан 2010 жылға дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2011 жылдан 2011 жылға дейін Астана қаласы, Республикалық балаларды оңалту орталығының стратегиялық даму және пациенттердің қауіпсіздігі басқармасының бастығы.

2011 жылдан 2012 жылға дейін Астана қаласы, Ұлттық медициналық холдингтің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бас менеджері.

2012 жылдан 2013 жылға дейін Астана қаласы, Ұлттық медициналық холдингтің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры.

2013-2014 жылдар аралығында Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитариялық авиация орталығының оқу-клиникалық бөлімінің бастығы.

2014 жылдан бастап 2014 жылға дейін Астана қаласы, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының вице-президенті.

2014 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бас инспекторы.

2015 жылдан бастап 2017 жылдың шілдесіне дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары.

2017 жылдан 2019 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы.

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы.


Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы

Лауазымы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

Туған жылы: 05.01.1958 ж.

Отбасы жағдайы: үйленген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: Свердлов мемлекеттік медициналық институты (1982),  «Гигиена, эпидемиология, санитария»

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

Медицина ғылымдарының кандидаты (1998)

Еңбек өтілі:

  • 1982 жылдан 1987 жылға дейін Целиноград қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының санитариялық дәрігері, коммуналдық гигиена бөлімшесінің меңгерушісі;
  • 1987 жылдан 1990 жылға дейін Целиноград қалалық және облыстық халық бақылау комитеттерінің инспекторы;
  • 1990 жылдан 1998 жылға дейін Целиноград облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігерінің орынбасары;
  • 1998 жылдан 2011 жылға дейін Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, бастығы, департамент директоры. Медицина ғылымдарының кандидаты;
  • 2011 жылғы 6 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып тағайындалды;
  • 2013 жылғы тамыздан 2014 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2014 жылғы 3 наурыздан бастап тамызға дейін Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері;
  • 2014 жылғы тамыздан бастап 2017 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері;
  • 2017 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып тағайындалды;
  • 2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері;
  • 2019 жыл – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

  • «Құрмет» ордені (2014 жыл);
  • «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі;
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 5 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «5 жыл Астана», «10 жыл Астана» мерейтойлық медальдары;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Астана қаласы әкімінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алғыс хаттары және т. б.

Сәдуақасов Нұрқан Олжабайұлы

Лауазымы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Туған жылы: 1971 жылғы 27 қаңтар

Отбасы жағдайы: үйленген

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: 1991-1997 ж. Қарағанды мемлекеттік медицина институты, медициналық-профилактикалық іс, дәрігер-гигиенист, эпидемиолог.

Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі: медицина ғылымдарының кандидаты

Еңбек өтілі:

  • 1997 жылдан 1999 жылға дейін Атбасар қаласы, Атбасар аудандық СЭС санитариялық бөлімінің меңгерушісі;
  • 1999 жылдан 2000 жылға дейін Атбасар қаласы, Атбасар аудандық СЭС бас дәрігері;
  • 2000 жылдан 2001 жылға дейін Көкшетау қаласы, Ақмола облыстық СЭС бас дәрігерінің орынбасары;
  • 2001 жылдан 2009 жылға дейін Астана қаласы, Ақмола аумақтық көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары;
  • 2009 жылғы сәуірден қазанға дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы;
  • 2009 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2014 жылғы наурыздан қазанға дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің техникалық регламенттердің сақталуын бақылау департаментінің директоры;
  • 2014 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Техникалық регламенттер мен санитариялық шаралар талаптарының сақталуын бақылау басқармасының басшысы;
  • 2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2017 жылғы 6 сәуірден бастап 2018 жылғы 23 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы.
  • 2018 жылдан 2019 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

  • Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен);
  • ЕАЭО құруға қосқан үлесі үшін медалі (2015 ж.);
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғыс хаттары – (2010, 2014, 2015 ж.);
  • ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған мерейтойлық медаль (2015 ж.);
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық медаль (2016 ж.);
  • «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж.).

Ахметниязова Лаура Мұстафақызы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

1971 жылы 26 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында туған, қазақ.

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған.

1994 жылғы қаңтардан 1995 жылғы қыркүйекке дейін Шымкент қаласы, «Фосфор» МСЧ терапевті.

1997 жылдан 2000 жылғы желтоқсанға дейін Шымкент қаласы, «Денсаулық» РМҚК, Медициналық сақтандыру қорының бас маманы.

2000-2005 жылдары Шымкент қаласы, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.

2005 жылғы мамырдан 2006 жылғы наурызға дейін Көкшетау қаласы, Ақмола облысы бойынша медициналық қызмет сапасын бақылау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2006 жылғы наурыздан 2008 жылғы қазанға дейін Астана қаласы, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің бөлім бастығы.

2008 жылғы қазаннан 2009 жылғы сәуірге дейін Астана қаласы, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ сапа жөніндегі менеджері.

2009 жылдан 2010 жылға дейін Астана қаласы, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің басқарма бастығы.

2011-2013 жылдар Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары.

2013-2014 жылдар ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы болды.

2014 жылдан бастап 2017 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары.

2017 жылғы қыркүйектен 2018 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментін басқарды.

2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және 25 жылдығына арналған медальдармен марапатталған.


Асылбеков Нұрлыбек Әбиболлаұлы

Асылбеков Нұрлыбек Әбиболлаұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Асылбеков Нұрлыбек Әбиболлаұлы 1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1990 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын, 2003 жылы М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын, 2006 жылы  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институтын провизор, заңгер, экономист мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Шымкент облысы Созақ ауданы «Фармация» ӨКП-де бастады.

1991-2000 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы «Фармация» ААҚ-ның технолог- провизор қызметін атқарды.

2000-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси бөлімінің бас маманы (денсаулық сақтау саласына жетекшілік еткен).

2002-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп комитетінің аумақтық бөлімшелерінің басшысы болып жұмыс істеді.

2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы.

2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

 

Қоғамдық тамақтану объектілері реестрінің Пилоттық жобасы

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы