Қоғамдық тамақтану объектілері реестрінің Пилоттық жобасы

  • Арнайы нұсқа
  • Standart version

You are here

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші. Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережесінің 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы    Денсаулық    сақтау   министрлігінің   Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Төрағасының 2019  жылғы 24 маусымдағы № 11 бұйрығымен Бақылау-қадағалау қызметтерін үйлестіру басқармасының басшысы Айтмағанбет Жидебайұлы Жолшориновқа әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттері жүктелді.

Жеке мәселелер бойынша қабылдау әрбір жұма сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін.

Телефоны: 74-18-10, кабинет 224.

 

Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже

Қоғамдық тамақтану объектілері реестрінің Пилоттық жобасы

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы