• Special version
  • Mobile version

You are here

Құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

  1. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:
  1.  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2.  дайындаушы (өндіруші) куәландырған, өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептура көшірмелері;
  3.  дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
  4.  өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;
  5.  өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;
  6.  ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісі;
  7.  өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;
  8.  парфюмерлік-косметикалық өнімде наноматериалдар пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер шамасы, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алып наноматериалдар туралы мәліметтерді ұсыну қажет.
  1. ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім (тауар) үшін:
  1.  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2.  өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты, технологиялық нұсқаулық, рецептура) көшірмелері;
  3.  өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;
  4.  дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, талдау сертификаты, сапа туралы куәлік, еркін сату сертификаты көшірмелері немесе өнім дайындаушысының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
  5.  өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;
  6.  өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында оның еркін айналысына рұқсат ететін құжатының дайындаушы (өндіруші) куәландырған көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің болмауы туралы дайындаушының (өндірушінің) мәліметтері;
  7.  өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;
  8.  бақылаудағы өнім үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттың көшірмесі.
  9.  парфюмерлік-косметикалық өнімде наноматериалдар пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер шамасы, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алып наноматериалдар туралы мәліметтерді ұсыну қажет.

Порталға:

  1. ЕАЭО-ның кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:
  1.  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
  2.  өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт), (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептураның электрондық көшірмелері;
  3.  дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмелері. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
  4.  өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжатының (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) электрондық көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;
  5.  өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) электрондық көшірмелері және олардың макеттері;
  6.  ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісінің электрондық көшірмесі;
  7.  өнімге, ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысының электрондық көшірмесі.
  8.  парфюмерлік-косметикалық өнімде наноматериалдар пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер шамасы, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алып наноматериалдар туралы мәліметтерді ұсыну қажет.
  1. ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін:
  1.  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
  2.  өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты, технологиялық нұсқаулық, рецептура) электрондық көшірмелері;
  3.  өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушы (өндірушінің) құжатының (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) электрондық көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;
  4.  дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, талдау сертификаты, сапа туралы куәлік, еркін сату сертификаты көшірмелері немесе өнім дайындаушысының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
  5.  өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) электрондық көшірмелері және олардың макеттері;
  6.  өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында оның еркін айналысына рұқсат ететін құжатының дайындаушы (өндіруші) куәландырған көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің болмауы туралы дайындаушының (өндірушінің) мәліметтерінің электрондық көшірмесі;
  7.  өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамамаларының электрондық көшірмелері, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;
  8.  бақылаудағы өнім үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
  9.  парфюмерлік-косметикалық өнімде наноматериалдар пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер шамасы, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алып наноматериалдар туралы мәліметтерді ұсыну қажет.

      Қайта тіркеу үшін:

  1.  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
  2.  мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлік (түпнұсқасы).
  3.  Өнім дайындаушының немесе өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, атауы өзгерген кезде тиісті өзгерістерді растаушы құжат қосымша ұсынылады.

 

Published on: 11.03.2019
Updated on: 11.03.2019

Mobile version RSS Site map